Даму жобасы

Мазмұны

  • Алғысөз
  • Қазақстандық қамтуды дамыту туралы тұжырымдамалық жоба туралы
  • Қазақстандық қамтуды дамыту бойынша бастамалар шеңберіндегі өзекті мәселелер

 

Алғысөз

Лорд Уэверли (JD)

үйлестіруші, Бірлескен іс-қимылдар туралы Ақтау декларациясы, ҚазМұнайГаз ҰК АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі (ірі мұнай-газ жобаларында қазақстандық қамтуды дамыту)

2012 жылы маусымда Лондонда операторлар және МНК қатысуымен өткен Лордтар палатасындағы отырыстан кейін, бізде Қазақстанның мұнай-газ секторында жергілікті қамтуды дамыту бағдарламаларының нәтижелерін жүзеге асыру және жетілдіру процесін нығайтуға арналған бірегей тәсілді әзірлеу мүмкіндігін талқылауды жалғастыру мүмкіндігі болды.

Қазақстандық қамтуды дамыту (ҚҚД) жөніндегі тұжырымдамалық жобаның салалық консультациялары үшін бастапқы құжатты дайындау үшін операторлармен және инвесторлармен бірқатар консультациялар өткізілді. Негізгі тұжырымдар жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі операторлар мен инвесторлардың меншікті бағдарламаларының нәтижелерін біріктіруге арналған тетік күштің қажетсіз қайталануын болдырмаудан, жергілікті қамтуды дамыту жағына қозғалысты үдетуден және барынша орнықты нәтижелерге қол жеткізуге көмектесуден тұрады.

Қайта өңделген Қазақстандық қамтуды дамытудың (ҚҚД) тұжырымдамалық жобасында бүгінгі күні алынған барлық ескертпелер мен ұсыныстар бейнеленген өзгерістер қамтылған.

Аталған жұмыстың кезекті сатысы ҚҚД тұжырымдамалық жобасының жан-жақты стратегиясын және жоспарын әзірлеу міндетін өзіне алатын Бірлескен салалық жұмыс тобын құру болады.

Қазақстан Республикасы министрліктерінің тарапынан қолдау алу мақсатындағы одан әрі консультациялар жоспарланған.

ҚҚД тұжырымдамалық жобасын «лондон процесін» қолдауды білдіру шеңберінде операторлармен және басқа да мүдделі тұлғалармен түпкілікті келісу 2012 жылы қыркүйекте Ақтауда жоспарланған болатын. Бұл Ақтау декларациясына (АД) қол қойылуына және Салалық жұмыс тобын қалыптастыруға ықпал етті.

Қорытынды құжаттама қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалатын болады.

 

2.   Қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі тұжырымдамалық жоба

ҚҚД тұжырымдамалық жобасы жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі операторлардың, инвесторлардың және мемлекеттік мекемелердің жекелеген бағдарламаларын біріктіру, сондай-ақ қол жеткен орнықты нәтижелермен және жүзеге асыру мерзімдерімен жаңа бастамаларды дамыту әрі ақпарат алмасу мүмкіндігін ұсыну тетігін қамтамасыз етеді.

АД ҚҚД тұжырымдамалық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру жөніндегі үйлестіру аппараты ретінде болады. ҚҚД бойынша меншікті бірлескен бағдарламалар операторлар мен инвесторлардың қолдауымен және сауда маркаларымен жүзеге асырылуын жалғастыратын болады.

Үйлестіру аппараты мүдделі тараптардың жоғарылатылған өкілдерінен тұратын Салалық жұмыс тобын қолдайтын болады. Оның функцияларына мыналар кіреді: білімді арттыру, жергілікті қамтуды дамыту және жабдықтаушылардың жергілікті орнықты қатарының өсу әлеуетін ынталандыру бойынша жаңа міндеттерді айқындау бойынша мүмкіндіктерді және синергетикалық ықпалды айқындау.

Жұмыс тобы ҚҚД Тұжырымдамалық жобасын жүзеге асыруға арналған талаптарды әзірлейді. Бұл ретте бағдар ретінде тиісті өнеркәсіп салаларының озық тәжірибесі пайдаланылатын болады.

Бастапқы талаптар мынаны қамтиды:

  1. Жауапкершілік аясын және ҚҚД тұжырымдамалық жобасын жүзеге асыру тетігі, оның ішінде қатысушылардың функциялары мен міндеттері
  2. инвесторлардың және өзге құзырлы ұйымдардың қатысуы
  3. кеңейтілген жоспар және жүзеге асыру кестесі
  4. жедел шаралар қабылдауға арналған жұмыс көлемдеріне сәйкес басымдықтар мен бастамаларды айқындау мақсатында, ҚҚД тұжырымдамалық жобасына арналған консультативтік құжат шеңберінде жергілікті қамтуға қатысты өзекті мәселелерге шолу
  5. ресурстарды бөлудің мақсатты жоспары
  6. одан әрі тереңдетілген зерттеу және жұмыстық бағдарламалар туралы ереже.

Салалық жұмыс тобының қарастыруы тиіс бастапқы әрекеттердің басым мәселелеріне мыналар жатады:

  1. тұжырымдамалық жоба шеңберіндегі барлық бастамалар жергілікті қамтуды дамытудың орнықтылығын толық түсінуге негізделуін қамтамасыз ету үшін ақпарат алмасу мақсатында операторлармен келісілуге тиіс жобалар аясындағы сұраныс пен ұсыныстардың кешенді көрінісін дайындау
  2. әртүрлі шартты базалар (ӨБК, СП) шеңберінде жұмыс істейтін операторлардың нәтижесі болып табылатын жергілікті қамтуды дамыту бойынша жекелеген бастамалардың қолданыстағы шектеулерін нақтылау
  3. операторлардың әртүрлі бірлескен практикалар негізінде жұмыс істейтінін ескере отырып, біліктілік алдындағы іріктеу процедураларын, тендерлік процедураларды және техникалық сипаттамаларды өңдеуді бір ізге салу мүмкіндіктеріне қатысты ортақ келісімге қол жеткізу
  4. синергетикалық ықпал және ынтымақтастық пен қолдау үшін мүмкіндіктер жасау мақсатында жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі барлық қолданыстағы және перспективалы бағдарламаларды шолу
  5. ҚҚД жобасының бастамашы тақырыбы ҚҚД жөніндегі ағымдағы бағдарламалар бойынша ақпарат, бірегей тәсілді әзірлеу мүмкіндігін шектеуі мүмкін ықтимал шектеулер мен кедергілер және қуаттылық саласындағы сұраныс пен ұсыныстарды айқындау бойынша барынша тереңдетілген зерттеулердегі қажеттілікті қоса алғанда, бүгінгі күні операторлармен және инвесторлармен өткізілген консультациялар барысында алынған ұсыныстар мен ескертпелерді көрсету мақсатында қажетті түзетуден өтті.

Алда тұрған ірі жобалардың сұраныс кестесін ескере және ұзақ мерзімді сабақтастықты және орнықтылықты қамтамасыз ету міндетін бір мезгілде шеше отырып, қысқа мерзімде нәтижеге қол жеткізу үшін тоғыспалы тәсіл қолданылатын болады. 

Талап етілетін жердегі қажеттілікке байланысты, мұнай-газ саласын дамыту тетіктері және ҚҚД жөніндегі «озық тәжірибе» Қазақстанның ерекшеліктері мен жағдайлары ескеріп пайдаланылатын болады.

 

3.   ҚҚД бойынша бастамалар тақырыбы

ҚҚД жобасында айтылған өзекті тақырыптардың кеңінен танылғанына қарамастан, консультациялар уақытында назарға алынуы қажет бірқатар ескертпелер жасалды:

  • Сұраныс пен ұсыныстың бастапқы талдауы;

ҚҚД тұжырымдамалық жобасы стартегиясының сәтті орындалуы мұнай-газ секторы сияқты аралас дағдылары мен ресурстары бар экономиканың өзге салалары үшін де сұраныс пен ұсынысты жан-жақты талдаусыз мүмкін болмайтын оның құрауыш бастамаларының стратегиясымен бірдей.

Жоспарланатын күрделі қаржы салымдары мен операциялық шығындар көлемі мен мерзімінің мұнай-газ операторларының коммерциялық құпиясы болып табылатынын ескере отырып, Негізгі ресурстар санаттары (адами ресурстар, жабдық және материалдар) бойынша бөлуді қоса алғанда, жоспарланған шығындарға ($50 бастап $100 млн. дейін) сәйкес, сұраныс пен ұсынысты үлгілеуге арналған аспап жасау болжанады.  

Қуаттылық тізілімін әзірлеу барынша кең тәсілді пайдаланудың орнына, жоғарыда айтылған Негізгі санаттар негізінде құрылуға тиіс.

bpkaz1

 

Тәсілдерді бір ізге салу

  • Бүгінгі назарды атап айту және бұл ретте функциялардың қайталануын болдырмай отырып, бірлескен жұмыс перспективасын және синергетикалық ықпалға қол жеткізу мүмкіндігін айқындау үшін жергілікті қамтуды дамыту бойынша қолданыстағы және жаңа бағдарламаларға жан-жақты шолу жасау қажет.
  • Қазіргі уақытта әртүрлі бірлескен процедураларға негізделетін және әртүрлі шартты базаларда (ӨБК, СП) жұмыс істейтін операторлар ортасында ҚҚД дамыту бойынша меншікті бастамалар үшін белгілі бір шектеулер мен қиындықтар тудыратын біліктілік алдындағы іріктеу, тендерлік және өзге мамандандырылған процедураларды өткізу кезінде барынша бір ізге келтірілген тәсілді (бұл ретте өңірлік және ауқымды бәсекеге қабілеттілікті сақтау қажеттігін ескере отырып) дайындау бойынша барлық мүмкіндіктерді қарастыру қажет.

 

Біліктілік алдындағы, тендерлік процедураларды және техникалық сипаттамаларды бір ізге келтіру

Мақсат

Мұнай-газ операторларының немесе бас мердігерлердің (EPC келісім-шарттары) біліктілік алдындағы және тендерлік талаптарын сәтті орындайтын қазақстандық компаниялардың санын арттыру.

Жұмыс тобы қазіргі уақытта әртүрлі бірлескен процедураларға негізделетін және әртүрлі шартты базаларда (ӨБК, СП) жұмыс істейтін операторлар ортасында ҚҚД дамыту бойынша меншікті бастамалар үшін білгілі бір шектеулер мен қиындықтар тудыратын біліктілік алдындағы іріктеу, тендерлік және өзге мамандандырылған процедураларды өткізу кезінде барынша бір ізге келтірілген тәсілді (бұл ретте өңірлік және ғаламдық бәсекеге қабілеттілікті сақтау қажеттігін ескере отырып) дайындау бойынша барлық мүмкіндікті мұқият қарастырады.

Одан арғы стратегия және басымдықтарды орны-орнына қоюдың жоғарыда айтылған Негізгі санаттарға негізделген Сұраныс пен ұсыныстың бастапқы талдауына байламы болуға тиіс.

Көлемі және тетіктері

  • Әртүрлі біліктілік алдындағы және тендерлік процедураларды, сондай-ақ мұнай-газ операторлары пайдаланатын жұмыстық құжаттаманы оңайлату және бір ізге келтіру бойынша мүмкіндіктерді айқындау
  • Ұқсас тәсілді пайдаланғанда EPCm / негізгі мердігерлерге көмек көрсету
  • Жабдықтаушылардың тендерлік процедураларға қатысуға дайындалуға уақыты болуы үшін алдағы тұрған сатып алулар туралы уақытылы хабарлау бойынша науқандар өткізу (коммерциялық немесе өзге құпия ақпаратты жарияламай): (көрмелер мен сауда жәрмеңкелері, Ақтау Декларациясының веб-сайты)
  • қазақстандық өндірушілерді өндірістік әлеуеттің/ресурстың қажетті деңгейіне қол жеткізу үшін ұқсас қазақстандық не халықаралық компаниямен ынтымақтастықты жолға қою бойынша қосымша бағдарлармен қамтамсыз ету (МСП үйлестіру)
  • Біліктілік алды іріктеудегі негізгі сәттілік факторлары туралы хабардар болуды және түсінік қалыптастыруды арттыру, мысалы, ӨҚҚОЕҚ және стандарттарға сәйкестігі
  • Техникалық күрделі жабдықты, өнімдер мен материалдарды стандарттау мүмкіндігінің белгілі бір шектерінің болуына қарамастан, сонымен жергілікті компаниялар үшін оларды өндіруге және жеткізуге (мысалы: кабель, кабель астаушықтары, арқау) қаржыландырудың барынша кең мүмкіндіктерін ұсына отырып, техникалық сипаттамаларды ықтимал стандарттаумен жабдықтар мен бөлшектердің мейлінше күрделі типтерінің үлкен көлемдерін айқындау үшін бірлескен шолу жүргізу қажет (операторлар мен мердігерлердің күшімен).

bpkaz2

 

Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің тізілімін/деректер базасын жасау

Мақсат

Қолда бар қуатты жан-жақты талдау ҚҚД Тұжырымдамалық жобасын және оған кіретін бастамаларды орындау үшін маңызды шарт болып табылады.

Құрамдастырылған коммерциялықө деректер жинау процесі арқылы мәліметтерді кезекті қосумен қолда бар ақпарат негізінде бастапқыда бірыңғай деректер базасын пайдалану арқылы компания туралы қолжетімді ақпараттың сапасын жақсарту қажет. Жинақталған деректер сондай-ақ Негізгі санаттармен үйлестірілуге тиіс (Сұраныс пен ұсыныстың бастапқы талдауы).

Өндірістік қуаттардың деректер базасын бейімдеу мүмкіндігін айқындау және оларды дағдылар мен ресурстарды беру мүмкін болатын жердегі аралас салалар және мұнай-газ секторындағы негізгі санаттарға қосу бойынша жұмыс жүргізу қажет.

Көлемі мен тетіктері

  • Мұнай-газ секторында және экономиканың шикізаттық емес секторларында жұмыс істейтін барлық қазақстандық компаниялар бойынша қолда бар деректерді жинау (Ұлттық мұнай-газ компаниялары және халықаралық мұнай-газ компаниялары, ұлттық және жергілікті мемлекеттік мекемелер). 
  • Жалпылама қабылданған C&P, дербес сілтемелермен/мұнай-газ компаниясының/бас мердігердің кодтарымен байланысты құрамдастырылған бірыңғай деректер базасын құру
  • Біліктілік, қолда бар ресурстар, орналасқан орнын, компанияның тексерілген беделін қоса алғанда, барлық негізгі санаттар бойынша іздестіру кезінде толық икемділікті қамтамасыз ету
  • Қолда бар деректердегі олқылықтарды анықтау және қарапайым сұраунаманы пайдалану арқылы деректер жинауға арналған вебпортал ретінде Ақтау Декларациясының веб-сайтын пайдалану (аталған процестің біліктілік алдындағы процедура болып табылмайтынын түсіндіру маңызды).
  • Ақтау Декларациясының сайтындағы олардың жетістіктері туралы материалдарды жариялауға компанияларды шақыру.   
  • Өндірістік қуаттар және қолда бар ресурстар туралы веб-сайтта жүйелі негізде есептер жариялау (жылына екі рет).
 

Ақпараттың әртүрлі санаттарының үлгілері

Компания туралы ақпарат

Бас компания мен еншілес кәсіпорындар туралы ақпарат

Орналасқан орны, Мекенжай/ Email/ Веб-сайт/ Телефон/ Факс/ Skype

Құрылған күні /Нарықтағы жұмыс жылының саны

Өндіріс секторы: мұнай және газ, тау-кен/металл өңдейтін өнеркәсіп, энергетика, көлік, телекоммуникациялар, авиағарыш өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы.

Қызметкерлердің машықтары мен біліктілігі

Жұмыскерлер саны және олардың мамандануы:

Инженер-жобалаушы/Инженер-технолог/Инженер-химик/Инженер-механик/Инженер-электрик/Инженер-құрылысшы/Инженер-сәулетші;

Пісірушілер/Қырнаушылар/жонушылар/қазаншылар/темір ұсталары/ металл құрастырылым /жайма болат дайындаушылар

Құрылысшылар/ағаш ұсталары/бетон жұмысының шеберлері/Жүк көтергіштігі үлкен автомобильдер жүргізушілері /Кран операторлары/электриктер/Сырлаушылар.

Жер үсті және теңіз бұрғылау платформаларының операторлары /құю танкерлерінің жұмысшылары

Қондырғылар мен активтер

Әкімшілік, жобалау бөлімі, цехтар, жабдықтау базалары, оқыту орталықтары

Ағымдағы жобалар

Соңғы 3 жылда орындалған жобалардың 5 үлгісі:

Сектор, тапсырыс беруші, жұмыстар түрі мен көлемі (тапсырыстың құны), іске қосылған жұмыскерлер саны

 

Кадр әлеуетін дамыту

Мақсат

Ғаламдық мұнай-газ нарығында білікті мамандар тапшылығы аясында Қазақстандағы мұнай-газ жобаларын әзірлеу және табу сатысында қамтамасыз ету үшін тәжірибелі техникалық және басқарушы персоналдың біліктілік деңгейін арттыруға қол жеткізу, Аталған салада одан әрі мансаптық өсуге және жұмыспен шұғылдануға қызығушылығын ынталандыру және жоғары мамандандырылған жаңа жұмыс орындарын ашу. Одан арғы стратегия және басымдықтарды орын-орнына қоюдың жоғарыда айтылған Негізгі санаттарға негізделген Сұраныс пен ұсыныстың бастапқы талдауына байламы болуға тиіс.

Көлемі мен тетіктері

  • Кәсіби машықтар саласындағы гэп-талдау нәтижелеріне және операторлардың таяудағы тәжірибелеріне назар аудара отырып, жаңа білім беру бағдарламаларындағы ең маңызды бағыттарды айқындау (бұл ретте әртүрлі жүзеге асырылу сатысындағы қолданыстағы білім беру бағдарламаларын ескеру керек).
  • Оқушыларға қаржылай көмек ұсыну мақсатында шәкіртақы жүйесін құру және іске асыру үшін басқару органдарын және ұйымдастыру құрылымын айқындау
  • Белгілі бір біліктіліктегі жұмыскерлердің өткір тапшылығын жеңу үшін «жедел оқытудың» бастапқы бағдарламасы ретінде дайындау, қайта даярлау, тез біліктілігін арттыру үшін сала мамандарын іріктеу (300 адам). Мұнда Қазақстан аумағында және тиісті халықаралық білім беру мекемелерінде іштей оқуды (білім беру, ғылыми және кәсіптік техникалық мекемелерде), сондай-ақ жұмыс орны бойынша тағылымдаманы қосу қажет
  • Мұнай-газ саласында мансаптық мүмкіндіктерді насихаттау үшін «жедел оқудан» өту уақытында жинақталған жеке тәжірибені пайдалану (мектептердегі, колледждердегі, университеттердегі жүйелі іс-шаралар).
  • Ертеңгі күннің өнеркәсіп талаптарына сәйкес болатын білім беру бағдарламаларын және біліктілікті одан әрі дамыту үшін қазақстандық білім беру мекемелерімен бірлескен жұмыс (мысалы, Нидерланды, Шотландия, Норвегия, Италия, АҚШ, Ресей)
  • Қазақстандық және халықаралық білім беру мекемелері арасындағы байланыстарды дамытуға ықпал ету
  • Технологияларды дамыту бойынша ҒЗТКЖ/бастамалар аясында қолданбалы бағдарламаларды дамытуда университеттер мен колледждер үшін қолдау көрсету және түлектер үшін еңбекке орналастыру мүмкіндігін жасайтын жаңа кәсіпорындар жасау жөніндегі орталықтар болу (бизнес инкубаторлардың модельдері, Ұлыбритания, Еуропа, АҚШ-тағы мұнай-газ саласындағы технопарктерді қоса алғанда)

 

ҒЗТКЖ

Мақсат

Қазақстандық көмірсутектер өндірісі үшін қосымша құн жасауға мүмкіндік беретін және ішкі және сыртқы нарықтарда жұмыс орындарын және бизнес ү.шін жаңа мүмкіндіктер ашатын нарыққа жаңа әзірлемелер шығару және коммерцияландыру әрі ҒЗТКЖ одан әрі ынталандыру арқылы мұнай-газ саласындағы ғылыми-зерттеу сараптама орталығы сияқты Қазақстан беделін ықпал ету. Одан арғы стратегия және басымдықтарды орын-орнына қоюдың жоғарыда айтылған Негізгі санаттарға негізделген Сұраныс пен ұсыныстың бастапқы талдауына байламы болуға тиіс.

Көлемі мен тетіктері

  • Қазақстанның мұнай-газ секторында ҒЗТКЖ бағдарламаларының ағымдағы мәртебесін қайта қарау.
  • Қолданбалы технологиялар саласында даму екпіндерін орны-орнына қою үшін де техникалық қажеттіліктер тізімін айқындау.
  • Нарыққа шығару және коммерцияландыру үшін технологиялардың қысқа тізімін (5-тен 10-ға дейін) жасау (ішкі және халықаралық нарықтардағы сәтті енгізу әлеуеті сияқты өлшемдерді, бәсекелестік басымдықтарын, қосылатын құнды пайдалана отырып)
  • Тиісті жергілікті мемлекеттік құрылымдармен (мысалы, Ұлттық инновациялық қор) және халықаралық ұйымдармен (мысалы, ЕБРР) ынтымақтастықта қаржылық қолдау көрсету мақсатында қаржыландыру жүйесін құру және іске асыру үшін басқару органдары мен ұйымдастырушылық құрылымды айқындау
  • Технологиялық қосымшаларды әзірлеу жөніндегі бірлескен жұмыс үшін қолайлы ресурстық әрі кәсіптік базасы және мүмкіндіктері бар қазақтандық жабдықтаушыларды іріктеу (мұнай-газ және басқа секторларда)
  • Серіктестік қатынастар орнату арқылы сыртқы сараптама көздерімен байланыс орнату, қосымша ғылыми қолдау және ертеңгі күннің халықаралық нарықтарына рұқсат алу үшін СП жасау
  • Нарыққа жаңа өнім жіберу және алға бастыру үшін маркетингке және бағдарламаларға көмек

 

Жергілікті өндірістер мен шетелдік инвестицияны дамытуға арналған қолайлы ахуал

Мақсат

Ұлттық және халықаралық жобаларға қатысқан кезде жергілікті компаниялардың санын және өндірістік әлеуетін және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. 

Салалық жұмыс тобы соңғыларының барлық қажетті сапа жинағын меңгеретіндей болып одан әрі техникалық және коммерциялық даму үшін іріктелетін компанияларға арналған бастапқы талаптар мен критерийлерді мұқият қарастырады.

Одан арғы стратегия және басымдықтарды орын-орнына қоюдың жоғарыда айтылған Негізгі санаттарға негізделген Сұраныс пен ұсыныстың бастапқы талдауына байламы болуға тиіс.

Көлемі мен тетіктері:

  • 2-деңгейлі, 3-деңгейлі және МСП компанияларға аударылатын назар, операторлар мен бас мердігерлердің тапсырыстарын орындауға жарамды жабдықпен, қосылқы бөлшектермен және мамандандырылған қызметтермен жабдықтаушыларды қоса алғанда (жобалау, сатып алу және EPC құрылысы жөніндегі келісім-шарттар). 
  • Жаңа инвестициялар мен әртараптандыруды (жұмыста) қоса алғанда, жабдықтау саласын дамыту үшін әлеуетті коммерциялық салаларды айқындау үшін компания-операторлардың C&P басқармаларының ұжымдық ұсынымдарын және гэп-талдау деректерін пайдалану (мердігерлік жұмыстар және материалдық техникалық жабдықтау).
  • Білікті персоналы, ресурстары, стандарттары, сату тарихы бар қазақстандық компанияларды да айқындау және олармен жұмыс жасау (аталған сатыда әзірлеу кезеңіндегі қазақстандық өндіріс әлеуетінің тізілімін/деректер базасын пайдалануды болжайды) . 
  • Оның ағымдағы ережесі мен талаптарына байланысты әрбір компания үшін жеке арнайы әзірленген іріктеліп алынған қазақстандық өндірушілермен жұмыс үшін «Ынталандыру, Өсу, Даму» сызбанұсқасын пайдалану (төменде қараңыз).
  • Аталған сызбанұсқа ынтымақтастықты жалғастыру мүмкнідігімен әрбір санатта (ынталандыру, өсу, даму) 20-30 компаниядан болатын 100-ге жуық компанияға қолданылатын болады (тізімде жыл сайынғы негізде шолу және жаңарту).
 

Жабдықтаушылар желісіндегі ағымдағы рөлі

Нәтиже

Уақытша шеңберлер

Ынталандыру  

Қалыптасқан мүмкіндіктер талаптарына сәйкес келетін және қазақстандық жабдықтаушылар желісіндегі өндіріс қуаттары

  • Мұнай-газ операторларының және бас мердігерлердің жергілікті компаниялар туралы білімін жақсарту;
  • Тендер талаптарына қатысты білімдерін/жауап шараларын жақсарту (бірегейлеумен орайластыру)
  • Жергілікті компаниялардың өзге өндірушілер туралы білімін жақсарту және бірлескен жұмыс үшін мүмкіндіктерін арттыру.

6 - 12 ай

Өсу

Арттыруға және әртараптандыруға болатын әлеуетті мүмкіндіктер мен өндірістік қуаттардың болуы

  • Өсуге арналған әлеуетті мүмкіндіктер туралы және талаптарға сүйемелденетін хабардар болушылықты арттыру;
  • Өсуді арттыру үшін өзара қарым-қатынасты және серіктестікті жолға қою;
  • Қаржыға және коммерциялық консалтингке қолжетімділік;
  • Тиісті дайындыққа және біліктілікті арттыру мен басқарушылық машықтарын дамытуға қолжетімділік.

12 – 18 ай

Дамыту

Шектелген мүмкіндіктер мен өндірістік қуаттар, бірақ жаңа өндірістет ашу/әртараптандыру үшін әлеует бар

  • Бизнестің жаңа салаларында және/немесе аралас салаларда қызығушылықты ынталандыру;
  • Компанияны, өнімді, жаңа нарықтарға шығару жөніндегі консалтинг;
  • Қаржыландыруға/қаржылық консалтингке қолжетімділік;
  • Жаңа технологияларға/дереккөздерге қолжетімділік.

12 - 36 ай

 

Сыртқы нарықтардағы инвестициялар үшін алғыр бәсекелестікке қарамастан, Қазақстанға шетелдік инвесторларды тартуға, ішкі, өңірлік және халықаралық нарықтарға одан әрі шығу үшін аралас салаларда және мұнай-газдағы ішкі өндіріске аса құнды инвесторлар салу үшін сенімді ынталандырулар жасауға тырысу. Одан арғы стратегия және басымдықтарды орын-орнына қоюдың жоғарыда айтылған Негізгі санаттарға негізделген Сұраныс пен ұсыныстың бастапқы талдауына байламы болуға тиіс.

Көлемдері мен тетіктері

  • Сатып алуларды ұйымдастыру және өндірістерді дамыту үшін сәтті озық 10 коммерциялық мүмкіндіктер тізімін айқындау үшін жабдықтаушылармен жұмыс бойынша департаменттермен бірлескен жұмыс ( жұмыста)
  • Оның өндірістерінің орналасқан орнын, стратегиялары мен экспорттық тәсілдерін талдап, әрбір өндірістік мүмкіндік үшін озық халықаралық өндірушіні анықтау
  • СП, сауда келісімдері, қосалқы мердігерлік сияқты тетіктер арқылы шетелдік инвесторлармен ұзақ мерзімді ынтымақтастық қарым-қатынасқа кіруі мүмкін әлеуетті серіктестер ретінде қазақстандық өндірушілердің тізімін айқындау.
  • Қазақстан аумағына өндіру/кеңейту/әртараптандыруды ауыстырудың оң аспектілерін көрсететін бизнес-ұсыныстарды дамыту
  • Бизнес жүргізуге кедергі келтіретін кедергілер мен белгісіздіктерді айқындау (заңнама, қазынагерлік режим)
  • Қазақстанда қолданылуы ықтимал сәтті үлгілерді айқындау үшін халықаралық нарықтарға шығудың ерте кезеңдерінде шетелдік инвестицияларды тартудың халықаралық тәжірибесін зерделеу.

2017 Copyright © Aktau Declaration of Joint Actions